Басты Жаңалықтар Израиль Тегеран мен Бейрутты зымыранмен тағы атқылады

Израиль Тегеран мен Бейрутты зымыранмен тағы атқылады

Таяу шығыста жаңа соғыстың басталғанына төртінші күн. Соңғы мәліметке қарағанда, Израиль әуе күштері Тегеран мен Бейрутке тағы да соққы берді. Иран астанасында президент резиденциясы мен Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің ғимаратына бірнеше снаряд тасталған. Сонымен қатар, әскери дайындық институты мен жергілікті биліктің негізгі инфрақұрылымы да шаубылға ұшырады. Ирандық Қызыл Крестің мәліметінше, АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан Ислам Республикасында қаза тапқандар саны 787-ге жетті.

Президент Дональд Трамп мәлімдегендей, бұл операция 4-5 аптаға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.

Тағы бір айта кететін жайт, Израиль қорғаныс министрлігі Ливанның оңтүстігіне әскер кіргізіп жатқанын жариялады. Бұл науқанның мақсаты – Ливанның шекара бойындағы бірнеше стратегиялық ауданын басып алып, Израильдің солтүстігін қауіпсіздендіру. Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ливандық «Хезболла» еврей мемлекетіне бірнеше рет зымыран жаудырды. Бұған жауап ретінде Израиль Бейрутті бомбалап, соңғы екі күнде 52 адамды мерт қылған.


Бөлісу