Үкімет автожол саласын дамыту мәселесін пысықтайды
Бүгінгі Үкімет отырысындағы
күн тәртібіндегі тақырып - автожол саласын дамыту. Биыл елімізде шамамен 11 мың
шақырым автомобиль жолы салынады. Бұл туралы жыл басында Көлік вице-министрі
Мақсат Қалиақпаров баяндамасында айтқан еді. Мемлекет басшысының тапсырмалары
аясында биыл бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Солардың ішінде
Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Бейнеу – Сексеуіл және өте маңызды
басты жоба – Орталық-Батыс жолы бар. Бүгін сол ірі жобаларға дайындық барысы
баяндалуы тиіс. Бүгінгі тақырыпқа сай болғасын айта кетейік, кеше ғана «ҚазАвтоЖол»
мен Азия даму банкі арасында ірі жоба бойынша келісімшартқа қол қойылды. Оның
аясында Сарыағаш қаласын айналып өтетін, ұзындығы 102 шақырым болатын айналма
жол сал салынбақ. Бүгін Үкімет отырысынан кейін, баспасөз брифингі өтеді. Онда
көлік министрі, «ҚазАвтоЖолдың» басқарма төрағасы және Жол активтерінің ұлттық
сапа орталығының бас директоры қатысады. Біз брифинг барысында ел күтіп отырған
мәселелерді көтеруге тырысамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы