Таяу Шығыстағы соғыс кеңейіп барады
Таяу Шығыстағы соғыс ауқым кеңейіп, оның өрті Ливанды да шарпи бастады. Ел астанасы Бейрутте Израильдің соққысынан 31 адам қаза тауып, 149-ы жараланған.
Соңғы мәліметке қарағанда, қарулы қақтығысқа Иранға арқа сүйеген содырлар да килігіп, Израиль мен Араб елдеріне шабуыл жасап жатыр.
Бірер сағат бұрын түскен ақпаратқа жүгінсек, АҚШ пен Израильдің соққыларынан Иранда 555 адам қаза тапты. Еврей мемлекетінің аумағында 11 тұрғын мерт болған.
Ал Кувейтте Американың бірнеше әскери ұшағы құлады. Дегенмен, олардың ұшқыштары секіріп үлгерген. Бірқатар сарапшының пікірінше, бұл соғыс ұзаққа созылған сайын, Америка қоғамының қолдауынан айрыла береді.
Джонатан Паникофф, Атлантыикалық кеңес жанындағы Таяу шығыс жөніндегі бастама директоры:
АҚШ президенті соққы басталғанда америкалықтар арасында да құрбандар болуы мүмкін екенін ескертті. Соғыс неғұрлым ұзаққа созылса, өлгендер саны өсуі мүмкін. Мұндай жағдайда Трампқа қолдауды сақтап тұру оңайға соқпайды.
Тағы бір айта кететін жайт – бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай және Самха қалаларында және Қатар астанасы Дохада жойқын жарылыстар болды.
Осындай шақта әлем нарығына энергетикалық шикізат жеткізу қиындайды деген алаңдаушылық туындап, Brent маркалы мұнайдың құны 79 доллар 90 центке дейін өсті. Сонымен қатар доллар да еуро мен фунт стерлинг тәрізді валюталар қасында қымбаттап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы