Трамп «елдегі жағдай туралы» үндеу жолдады
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жағдай туралы Конгреске жыл сайынғы үндеуін жолдады. Бұл жолы Құрама Штаттар лидері билікке оралып, Америкада «алтын дәуірге жол аштым» деп мақтанды. Алайда, қазір АҚШ-та азық-түлік, тұрғын үй, сақтандыру және коммуналдық қызметтер бірнеше жыл бұрынғыдан айтарлықтай қымбаттап, кейінгі тоқсанда экономика баяулап, инфляция өсімі жеделдей түскен. Reuters/Ipsos сауалнамасы көрсеткендей, америкалықтардың 36 пайызы ғана оның экономикалық саясатын қолдап отыр.
Жыл бойы әлемдік мәселермен көп айналысса да, Трамп сыртқы істерге аз уақыт бөлді. Айтуынша, «дүниежүзінде сегіз соғысты тоқтатқан». Бірақ бақылаушылар бұған күмән келтіріп отыр. Сонымен қатар, республикалық саясаткер Украина, Қытай, Гренландия жайында мардымды мәлімдеме жасамады. Тегеранмен әскери жанжалға жақындап қалса да, Иранға қатысты жоспарын конгресмендер алдында нақтылай алмады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы