Алматы – таңғажайып табиғаты бар, көркем қала. Тау туризмін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Біртұтас Ski Pass жобасы – өте керемет бастама. Жоба туристердің мұндай шешімдерге қызығушылық танытатынын аңғартты, ал курорттар арасында нақты туристік ағын қалыптаса бастады.
Шетелдік сарапшылар тау туризмінің әлеуетін жоғары бағалады
Елімізде тау туризмі дамып жатыр. Мәселен, жыл сайын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына 1,5 млн турист келеді. Оның 25 пайызы – шетелдік саяхатшы. Ал демалыс орны бір мезетте 600 мың адам қабылдай алады. Бұл деректер Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалінде айтылды. «Шымбұлақ» тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахмановтің пікірінше, басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту, Еуразия кеңістігінде туризм мәдениетін қалыптастыру. Оған қоса отандық тау-шаңғы курорттарын халықаралық деңгейде таныстырып, туристер ағынын арттыру көзделіп отыр. Басқосуда мамандар Алматы тау кластерін дамытудың стратегиялық маңызын атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін қозғады. Фестивальге қатысқан сарапшылар Алматы тау кластерінің әлеуетін жоғары бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы