Дарынды жеткіншектер жаңа IT жоба әзірледі
Ақтауда бір топ дарынды оқушы туристерге арналған цифрлық платформа әзірледі. «KenDala» деп аталатын жоба жасанды интеллект негізінде елімізге саяхаттап келушілерге бағыт-бағдар береді. Туристер платформа арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ұлттық музыкалық аспаптары туралы кеңінен мағлұмат алады. Сондай-ақ онда қазақ ғұламаларының өмірбаяны, ұлттық киім үлгілері мен дәстүрлі тағамдары жөнінде де ақпарат жинақталған. Платформада өңірлердің көрікті жерлері, такси және аударма қызметтері туралы мәліметтер үш тілде ұсынылған. Оқушылардың пилоттық жобасы елордада өткен байқауда үздік танылып, қомақты жүлдеге ие болған.
Азамат Жолжан, жоба авторы:
Адамның қажеттіліктері бойынша оған белгілі бір саяхат жасап береді. Мысалы, оның ақша қаражатына байланысты, неше күн демалғысы келетініне байланысты және қай жерде болғысы келетініне байланысты нұсқаулықтар береді. Жасанды интеллектіміз генерация жасап береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06