Франк Витлокс, Гент университеті Жаратылыстану факультетінің жетекшісі, информатика профессоры:
Мені Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер де қатты қызықтырады. Елдеріңіз ашықтыққа, либерализацияға қадам басты. Конституцияны теңдікке, әділеттілікке және инклюзивтілікке баса назар аударатын, барлық азаматты тең құқықпен қамтамасыз ететіндей бейімдеп жатыр. Бұл еуропалық көзқарасқа сай әрі елдеріңіздің әлемге ашықтығын көрсетеді. Сондықтан жаңа бағыт кең қолдау табады деген сенімдемін.