Басты Жаңалықтар Тарихи жеңіске жеткен хоккейшілер елге оралды

Тарихи жеңіске жеткен хоккейшілер елге оралды

Канада төрінде тарихи жеңіске жеткен жас хоккейшілер де елге оралды. Astana Team командасын әуежайда ата-аналары мен жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды.

Ел мерейін асқақтатқан жеткіншектер Quebec City қаласында өткен беделді турнирдің финалында хоккейдің отаны саналатын канадалық қарсыластарын ұтып, чемпион атанды. Бұл – Қазақстан балалар хоккейіндегі айтулы жетістік. 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дода мұз үстіндегі ең мәртебелі жарыстардың бірі. Биыл әлемнің 21 елінен 120 команда бақ сынаған. Мамандар бұл жеңісті қазақ хоккейінің жаңа буыны қалыптасып келе жатқанының жарқын көрінісі деп бағалайды.

Владимир Матюхин, «Astana Team» балалар хоккей командасының бапкері:
Ойындар өте тартысты әрі қиын болды. Бірнеше ойыншымыз айдыннан шеттетілді, соған қарамастан барымызды салдық. Жеңіске жеттік. Балаларға алғыс. Финалдық ойынды 10 мыңнан астам адам тамашалады. Сол сәтте алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз.


Бөлісу