Сенат депутаттары медицина мамандарымен кездесті
Алматыда коалиция мүшелері медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында жаңа Конституция жобасының әлеуметтік салаға қатысты бастамалары кеңінен талқыланды. Әсіресе медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін күшейту және саланы жүйелі қаржыландыру мәселелері назарға алынды. Қатысушылар бұл өзгерістер қоғам сұранысынан туындағанын атап өтті.
Жанна
Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Медицина ақылы болып кетпей ме деген алаңдаушылық бар. Бірақ олай емес. Конституцияның Преамбуласында әлеуметтік мемлекет деген мағына бар. Ешбір ақысыз азаматтарға беріліп жатқан қызметтер тоқтатылмайды. Конституция өзгергеннен кейін қосымша бағыттар пайда болады. Заңдар да өзгереді. Енді осы кезеңді біздің дамуымыздың қадамы деп білуге болады.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданына барған Сенат депутаттары да медицина саласы қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Ата заңның жобасын түсіндірді. Конституция қазақ тілінде ұғынықты, мазмұнды жазылған. Ондағы әр бап пен тармақ Конституциялық комиссияның сүзгісінен өтіп, жан-жақты сараланған деді өңірге барған депутаттар. Түпкі мақсат – мемлекетте заң үстемдігін орнықтыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Кездесуде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де ой-пікірлерін айтты.
Гүлсім
Қаюпова, терапевт-дәрігер:
Әділетті қоғам құру ол - әрбір азаматтың ісі. Жаңа Конституция осы әділетті қоғам құру жолындағы үлкен бағдарлы дүние деп есептеймін. Сенат депутаттары келіп, ұжымға жаңа Конституция жобасын түсіндірді.
Айдана Қуантхан, Әділбек Серікбекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы