Макинск қаласында 60 отбасы баспаналы болды
Ақмола облысының Макинск қаласында реновация бағдарламасымен 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде жарты ғасыр бұрын салынып, апатты деп танылған үйлердің тұрғындары мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға жаңа пәтер кілті табысталды.
Жоба «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асып, бар болғаны 7-8 айда салынды. Жылдам бой көтерген тұрғын үй заманауи талапқа сай келеді. Пәтерлер толық әрленген, ал ас үйге техника алу үшін сертификаттар табысталды. Баспаналы болғандардың қатарында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер де бар.
Айта кетейік, соңғы екі жылда еріген қар суы шаһардағы 70-тен астам үйге кіріп, тұрғындарды әлекке салды. Соның салдарынан 53 баспана апатты деп танылған. Өзен-көлі жоқ шаһарды дала суы мазалайды.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
Екі жыл бойы су тасқынының зардабын шеккен адамдар бар. Сол жерде біз үлкен комиссия құрып, жаңағы үйлерді зерделеп, қарап, тексеріп, сол жерде жарамсыз болған үйлер бар. Тозған қауіпі бар үйлер бар. Солардың тізімін жасап, осы реновация бағдарламасы арқылысондай шешім қабылдадық. Осы жаңа үй салып, сол үйлерді осы көшірген дұрыс болады деп.
Жыл соңына дейін облыста 26 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Нәтижесінде 1500 отбасы баспаналы болмақ.
Жақсыған Шериязданқызы, Макинск тұрғыны:
2000 жылы көшіп келгенбіз. Желтоқсан 24-ші үйде тұрдым. Аварийный дом деп кеттім. Енді міне, жайлы жаңа пәтер алып жатырмын. Қуаныштымын. Үй жақсы, кең, әдемі, риза болып жатырмын. Өте қуаныштымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы