Басты Жаңалықтар Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты өтті

Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты өтті

Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо өңірінде өткен қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстанның туын ұстап шықты.

Милан – Кортина-д’Ампеццо, 2026. Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде аяқталды. Екі апта бойы әлем назарын аударған дода бүгін Верона амфитеатрында өткен әсерлі жабылу салтанатымен тәмамдалды. Жалпыкомандалық есепте Норвегия дәстүрлі түрде көшбасшы атанды. Қазақстан құрамасы бұл жолы тарихқа алтын әріппен енді. Біздің спортшы, мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров 32 жылдан кейін ел қоржынына бір алтын медаль салды.

Осы жетістікпен еліміз жалпы есепте 19-орынға көтерілді. Жалпы, басқа да спортшыларымыз барын салып, өз рекордтарын жаңартып, үздік ондықтан да көрінді. Сарапшылар бұл жолғы жетістіктерді еліміздің жаңа буынының серпілісі, жаңа толқынның қалыптасуы деп бағалап отыр.

Енді Олимпиада туы 2030 жылғы ойындарды қабылдайтын Францияның Альпі өңіріне табысталды. Милан мен Кортина Олимпиадасы өз тарихын жапты. Ал біз үшін бұл ойындар 32 жылдық үміттің ақталған сәтімен есте қалады. Жеңісті күндер көп болсын!


Бөлісу