Қостанай облысында қар құрсауынан 24 адам құтқарылды
Қостанай облысында ақ түтек боранда жолда қалған 24 адам құтқарылды. «Өзбекстан–Ресей» бағытында келе жатқан жеңіл автокөлік Арқалық қаласының маңында қалың қарға батып, шыға алмай қалған. Құтқарушылар дереу көмекке жетіп, 3 шетел азаматын уақытша жылыту пунктіне орналастырды.
Сондай-ақ Денисов ауданы Перелески ауылы тұсындағы «Қостанай–Қарабұтақ» тас жолында қар құрсауында қалған 7 көліктегі 13 адам, Жітіқара мен Қарасу аудандарында тағы 8 адам эвакуацияланды. Оның ішінде бір бала бар. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06