«Айгөлек» балалар журналының жарық көргеніне 25 жыл толды
«Бар мейірім балаларға!». Шығармашылыққа жаны құмар жас буынның жанашыры болған журналдың бірі – «Айгөлек». Биыл басылымның жас оқырмандармен қауышқанына - 25 жыл. Бар баланың бойындағы талантын танытуға түрткі болған журналдың бүгінге дейін 295 саны жарық көрді. Ғибратты әңгімелер, балалардың түрлі қызықты материалдары, сөзжұмбақтары, өлеңдері мен салған суреттері үзбей жарияланып отырады. Мерейлі жылға орай «Айгөлек» журналы шығармашылық байқау ұйымдастырды. Қорытынды кеште журналдың жас тілшілері мен оқырмандары марапатқа ие болды.
Қымбат Әбілдәқызы, «Айгөлек» журналының бас редакторы:
«Бар мейірім балаларға» деп осы ұранмен бастағанбыз. Баламен жұмыс істеу өте ауыр. Бала түсінсе екен, түсініп оқыса екен дейміз. Ойын баласы көркем кәсіби суретшілердің суретіне қызығып, сол балалар ертең елдің тұлғасын таниды. Қазақстанның не екенін біледі, қазақтың қандай халық екенін біледі, қазақстанның табиғаты үшін мақтанады.
Қанағат Жамағатов, оқушы:
«Айгөлекті» мен 4-ші сыныптан бері оқимын. Маған «Айгөлекте» суреттер, мақалалар, ертегілер ұнайды. Мен оған суреттерімді жіберіп отырамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06