Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды. Мұнда XIII–XIV ғасырларға тиесілі, ұлы империяның тыныс-тіршілігі мен мәдени болмысын көрсететін 200-ден астам жәдігер ұсынылған. Көрме Алтын Орданың саяси жүйесі мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын көрсетеді. Келушілер қалалық мәдениетпен қатар әскери өнер мен басқару құрылымының ерекшеліктерімен де таныса алады. Көрме залы заманауи технологиялармен жабдықталған. Жасанды интеллект жүйесі де енгізілген. Аумағы 370 шаршы метрді қамтитын алаң еліміздің тарихын әлемге жаңа қырынан танытуға мүмкіндік береді.
Сержан Саров, ҚР Ұлттық орталық музейінің директоры:
Ұлттық орталық музейге жылына 300 мыңнан астам келуші келеді. Олардың 40 пайыздан астамын шетелдік туристер құрайды. Жалпы, біз келген туристерге қазақтың тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында осы Алтын Орда залын ұсынып отырмыз. Бұл жердегі негізгі мақсат – қазақ халқының Алтын Орда, әйгілі Жошы ұлысының тікелей мұрагері екенін туристерге көрсету.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03