Ақмола облысының еңбек адамдары Конституция жобасымен танысты
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданына жасаған сапарында екі мыңға жуық жұмысшысы бар «Макинск құс зауытының» еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі тұстарына мән беріп, құжаттың маңыздылығын атап өтті.
Өңір басшысы жаңа Атазаң жобасының әлеуметтік мемлекет қағидатына негізделгенін және онда жеке адамның құқықтары басты орынға қойылғанын айтты. Сонымен қатар құжатта еңбек туралы құқықтар нақты анықталып, олар заңмен қорғалатын негізгі кепілдіктерге айналғанын тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде жұмысшылардың құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары бойынша дауларды заңды жолмен шешуге, еңбек қауіпсіздігі мен әділ еңбек жағдайын талап етуге нақты конституциялық негіз береді, - деді.
Гүлдана Жакетова, «Макинск құс зауытының» қойма басшысы:
Конституцияны жаңарту – бұл жай ғана құқықтық рәсім емес, бұл әділетті қоғаммен қаралатын берік негізі. Біз еңбек адамдары сөзімізге ісімізбен жауап береміз. Мен үшін референдум ол тұрақтылық пен адал еңбекті таңдауға жасалған қадам. Осы бағытты қолдаймын. Себебі, еліміздің еңбек ететін азаматтарын қадірлейтін әділетті мемлекет болғанын қалаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы