Президент: Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге көмектесуге дайын
Қазақстан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, аймақты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын. Бұл туралы Вашингтонда өткен бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Одан бөлек бес жыл бойы палестиналық студенттер үшін 500-ден аса оқу гранты бөлінбек. Цифрлық тәжірибелерді бөлісіп, Әскер үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге даяр. Басқа да бастамалар жөнінде Әріптесім тарқатады.
Президент алдымен алғашқы отырысы өткен кеңес жұмысының маңызына тоқталды. Бұл
көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын заман талабына сай ұйым, - деді
мемлекет басшысы. Одан соң жаһанды алаңдатып отырған Газа секторындағы ахуалды
тұрақтандыруға Қазақстан да қатысатынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Қазақстан іскерлік және кәсіби беделі жоғары деңгейдегі халықаралық компанияларды тарта отырып, аймақты қайта қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына қатысуға ниетті. Бұл бағдарлама бойынша инфрақұрылым жасақтауға, үйлер мен тұрғын үй кешендерін, мектептер, ауруханалар және басқа да маңызды әлеуметтік нысандарды салуға болады. Әлемдегі ең ірі бидай өндірушілердің бірі саналатын еліміз Газа мен одан тысқары жерлердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек көрсетуге дайын.
Бұдан бөлек Қазақстан Халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға әзір. Яғни
далалық госпиталь құру үшін бір топ медицина маманын, сондай-ақ
Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге даяр, - деді
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Таяу Шығыстағы орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін аймақта бейбітшілік пен
ынтымақтастықты, өзара сенімді нығайтуды көздейтін жаңа тәсілдер қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Аталған ұстанымға арқа сүйей отырып, Қазақстан Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдады. Осылайша біз аймақта және одан тысқары жерлерде прагматикалық экономикалық әрі гуманитарлық ынтымақтастыққа үлес қосамыз. Бұл Бейбітшілік кеңесінің ізгі мұратына толық сай келеді.
Кеңестің жаһандық күн тәртібін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда
түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу арқылы бұл бастамаға нақты қолдау көрсетуге
дайын екенін растады. АҚШ сарапшылары мұндай бастамаларды жоғары бағалап отыр.
Эндрю Даннери, ATLANTIC ұйымы
атқарушы директорының орынбасары:
Соңғы жылдары біз ең жоғары деңгейде өте әсерлі өзара іс-қимылды көріп отырмыз. Мысалы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Трамп жиі кездесіп, телефон арқылы да сөйлесіп тұрады. Олар әртүрлі мәселелер жөнінде пікір алмасады. Біз мұнда тек саяси немесе дипломатиялық символикалық байланысты емес, нақты, екіжақты қатынасты нығайтуға бағытталған шынайы ынтымақтастықты көріп отырмыз.
Жоғары деңгейдегі іс-шара барысында Бейбітшілік кеңесінің атқарушы
органдарының мүшелері баяндама жасады. Дональд Трамп Бейбітшілік
кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 9 спортшымыз шығады
20.02.2026, 13:24
Софья Самоделкина 10-орынды қанағат етті
20.02.2026, 13:21
Кубалықтар күн энергиясын қолдануға мәжбүр
20.02.2026, 13:18
Мәскеуді тағы да қалың қар басты
20.02.2026, 13:15
Жітіқара қаласының оқушыларына «Таза Қазақстан» акциясының мәні түсінідірілді
20.02.2026, 13:12
Абай облысы халқы жаңа Конституция жобасын қызу талқылауда
20.02.2026, 13:09
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Конституция жобасын талқылады
20.02.2026, 13:06
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл облысы халқымен тілдесті
20.02.2026, 13:03