«Көкшетау» табиғи паркі жаңа техникалармен толықты
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі биыл «КамАЗ» маркалы 17 өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілді. Лизингтік қаржыландыру аясында оған 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап мемлекеттік парктердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Осы аралықта
60-тан аса техника сатып алынған. Нәтижесі қуантарлық. 182 мың гектар
аумақтың 75 пайызы орманмен көмкерілген
ұлттық паркте соңғы екі жылда бірде-бір ірі өрт болмаған. Заманауи көлік
қозғалыс кезінде өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қуатты су сорғысымен,
сыйымдылығы 3 текше метр суға арналған цистернамен және радиобайланыс
құралдарымен жабдықталған. Мемлекеттік инспекторлар орман
өртімен күресуге сақадай сай дайынбыз дейді.
Жолдасхан Қарабаев, «Көкшетау» МҰТП бас директоры:
Трактор, патрулдік көлік, қазір мына КамАЗ-дардан да басқа әр филиалда 2-3 өрт сөндіретін көліктер болған. Енді әр филиалға 4-4 КамАЗ бөлінеді. Әр филиалда камералар күні-түні істеп тұр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06