The Wall Street Journal : Иран уранды үшінші жаққа жөнелтуге дайын
Жақында Женевада өткен келіссөздерде Иран өзінің жоғары деңгейде өңделген уран запасының бір бөлігін үшінші жаққа, мысалы Ресейге жөнелту жөнінде ұсыныс жасаған. Сондағы мақсаты – өзінің ядролық бағдарламасына қатысты Вашингтонның күдігін сейілту. Мұны Американың The Wall Street Journal газеті хабарлады. Басылымның өзге бір дерегінше, Ислам Республикасы уран өңдеуді үш жылға тоқтатуға да дайын. Алайда АҚШ әкімшілігі бұл жұмысты мүлде доғаруды талап етіп отыр. Президент Дональд Трамптың ойынша, Иран атом қаруын жасауға әрекеттеніп жатыр. Мұны жоққа шығарған қарсы жақ өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00