Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Женевада Ресей, Украина және АҚШ  келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Оны Ресей делегациясы «қиын, бірақ іскерлік сипатта өтті» деп қорытындыласа, америкалықтар «айтарлықтай ілгерілеушілікті» байқаған. Ал Украина президенті тараптардың тағы да кездесуге уағдаласқанын хабарлады.

Иран әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазын бүгін уақытша жапқанын жариялады. Мұндай шешім теңізде ислам революциясы сақшыларының әскери жаттығуы басталып, АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін күшейтіп жатқан шақта қабылданды.

АҚШ Қытайды Лобнор полигонында жасырын түрде жерасты ядролық сынағын жасады деп айыптады. Бұл мәліметті Бейжіңмен бірге Мәскеу де жоққа шығарып отыр.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тахо көлі маңында қар көшіп, 9 шаңғышы жоғалып кетті. Невада округі шерифнің мәлімдеуінше, қар құрсауында қалып қойған алты адам құтқарылған.

Үндістанның Галготиас университетінің өкілдері Нью-Делиде өтіп жатқан Жасанды интеллект саммитінен аластатылды. Себебі бұл оқу орны өзіміздікі деп таныстырған робот-иттің Қытайда жасалғаны әшкереленіп отыр.

Бөлісу