Басты Жаңалықтар Жалпыұлттық коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті

Жалпыұлттық коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті

«Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы Түркістанға барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Жиындарға зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты. Бір ғана Конгресс-холда өткен отырысқа мыңнан астам адам келіп, пікірлерін ортаға салды. Одан әрі Коалиция мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сондай-ақ локомотив депосының теміржолшыларымен де кездесу өтті. Онда қауіпсіздік және еңбек адамына деген құрметтің мән-маңызы сөз болды. Еске салайын, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы 13 ақпанда құрылды. Оған 5 саяси партия мен 300-ге тарта қоғамдық ұйым мүше.

Рухабза Халдарбек «Дара Ұрпақ» қоғамдық қорының директоры:

Бап көп, бірақ отбасы істері, осал топтағы әйелдер мен балалардың мүмкіндіктерін арттыру бағытында жұмыс істейтін маман ретінде мен үшін 30-бап ерекше. Себебі жаңа Конституцияда отбасы ұғымы анық көрсетілген. Ең бастысы әке, ана, отбасы басты құндылық делінген. Мұндай үштік – біздің мемлекеттің тұрақтылығын сақтау.


Бөлісу