Алматыда «Жарқын Болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
Алматыда «Жарқын Болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Жарысқа 7-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Байқау бес бағыт бойынша ұйымдастырылған. 120-дан аса қатысушы қазақ әдебиетіндегі туындыларды комикс жанрында бейнелеп, шешендік өнер мен мәнерлеп оқудан шеберліктерін көрсетті. Аудандық кезең қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жарқын Болашақ» олимпиадасы жасөспірімдердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды жоба.
Назерке Сәдуақас, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Жас қаламгер бағытында нақты тақырыптар беріледі әдебиет бойынша. Ол тақырыптарда новелла, яғни нақты сюжетке бекітілген әңгімелер жазады. Әнші бұлбұлдар бағыты екіге бөлінеді. Эстрада және ұлттық әндері, яғни халық әндері. Осы тұрғыда, халықтық тұрғыдан алған кезде балалардың әнді шырқау қабылетімен қоса, ұлттық таныымдық бейнесі көрінеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын
21.06.2026, 20:10
Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?
21.06.2026, 20:05
Ең төменгі жалақыны екі есе көтеру еңбек нарығына қалай әсер етеді?
21.06.2026, 20:04
Ішімдік ішіп, көлікпен адам қағу неге абайсызда жасалған қылмыс деп бағаланады?
21.06.2026, 20:02
Баланың денсаулығын кім қадағалайды: Педиатр ма, әлде жалпы практика дәрігері ме?
21.06.2026, 19:57
Былтыр елді мекендерде еңбек ететін дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген
21.06.2026, 19:55
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады
21.06.2026, 19:50
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
21.06.2026, 19:50