Коалиция мүшелері Жамбыл облысының халқымен жүздесті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Ерлан Қошанов бастаған делегацияның негізгі мақсаты - Жаңа Ата Заң жобасын жан-жақты түсіндіру және алдағы референдумның маңызын жеткізу. Тараз қаласындағы өткен кездесуге 500-ге жуық тұрғын қатысты. Зиялы қауым, ардагерлер, ұстаздар мен дәрігерлер жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүддесіне сай келетінін атап өтті. Ерлан Қошанов құжат ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесі екенін айтып, референдум ел бірлігін айқындайтын тарихи қадам деді. Оның сөзінше, жаңа Негізгі заңда «мемлекет адам үшін» қағидаты берік орнығады.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентіне сенетіндігін көрсетеді. Мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, XIX ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы 5-Республика бойынша өткен референдум дүниежүзі тарихында қалып отыр. Алдағы біздің референдумда ел тарихында алтын әріппен жазылатын, тарихтан ойып тұрып орын алатын оқиғаға айналады деп санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де сіздердің өздеріңізде.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12