Елімізде көлік арзандауы мүмкін
Елімізде көлік арзандайды. Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі осылай деді. Оның айтуынша, автомобиль құнының түсуіне отандық көлік өндірісінің артуы сеп болмақ. 2025 жылдың қаңтар айындағы статистикаға сәйкес автокөлік бағасы өскен.
Ерсайын Нағаспаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Өздеріңіз білесіздер, қазақстандық зауыттар жыл сайын шығарылатын маркалар қатарын көбейтеді. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын бағалар міндетті түрде төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автокөлік өндірісінің артуы қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне де әсер етеді.
Сондай-ақ министр Өскемендегі «Азия Авто» зауытын қайта жандандыру ісі қолға
аланғынан жеткізді. Инвесторлар бар және олар қазақстандықтар. Бүгінде компания
базасы дайын, жұмысшылары бар деді.
Айта кетейік, былтыр «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы сырттай 9 жылға
бас бостандығынан айырылған еді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13