Коалиция мүшелері Жамбыл облысы халқымен жүздесті
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Ерлан Қошанов бастаған делегацияның негізгі мақсаты – Жаңа Ата Заң жобасын жан-жақты түсіндіру және алдағы референдумның маңызын жеткізу. Тараз қаласындағы өткен кездесуге 500-ге жуық тұрғын қатысты. Зиялы қауым, ардагерлер, ұстаздар мен дәрігерлер жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүддесіне сай келетінін атап өтті. Ерлан Қошанов құжат ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесі екенін айтып, референдум ел бірлігін айқындайтын тарихи қадам деді. Оның сөзінше, жаңа Негізгі заңда «мемлекет адам үшін» қағидаты берік орнығады.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентіне сенетіндігін көрсетеді. Мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен 19-ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы 5-Республика бойынша өткен референдум дүниежүзі тарихында қалып отыр. Алдағы біздің реферндумда ел тарихында алтын әріппен жазылатын, тарихтан ойып тұрып орын алатын оқиғаға айналады деп санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де сіздердің өздеріңізде.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09