Цифрлық технологиялар заманында жеке деректер Конституциямен қорғалады
Цифрлық технологиялар заманында жеке деректерді Конституциямен қорғау – адамның жеке өміріне қол сұқпауға кепілдік береді. Ал бұл деректерді заңсыз жинаудан сақтап, азаматтарды интернет алаяқтық пен заңсыз несие рәсімдеу сияқты қылмыстардан қорғайды.
- Цифровизация дейміз, жасанды интеллект дейміз, ғылым дейміз, осының барлығы заңмен бекітілуі – бұл біздің болашағымыздың өркендеуіне бірден-бір негізгі басымдықтар беретін бағыттар деп айта аламыз.
- Азаматтардың жеке деректерінің қорғалуы – әрине, бұл өте маңызды. Себебі, бұған дейін жаңалықтардан естіп жатырмыз ғой, қаншама қазақстандықтардың дерегі желіге таралып кеткен. Бұл дегеніміз оның барлығы алаяқтардың қолына түсіп отыр деген сөз. Сондықтан да егер де бұл енді заңмен реттелетін болса, біз де өзімізді қауіпсіз сезінер едік деген ойдамын.
- Қазіргі қоғам арасында өзекті мәселе болып тұрған ол интернет алаяқтық. Сол интернет алаяқтықты ауыздықтап, жүгендеп, жөнге салатын норманың Конституцияда негізделуі өте маңызды. Киберқауіпсіздік, әрине қазір әлеуметтік желідегі біздің жеке деректеріміз оңай қолға түсетін көздерде жүреді. Міне, соның барлығын негіздеп біздің қауіпсіздігімізді сақтайтын норма болады деп ойлаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06