АҚШ Таяу Шығыста әскерін күшейтіп жатыр
Америка Құрама Штаттары Иран төңірегіне қарулы күштерін жинап жатыр. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, егер президент Дональд Трамп бұйрық берсе, Ислам Республикасына қарсы операция бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Жексенбі күні Парсы шығанағы аймағында Американың «Абрам Линкольн» соғыс кемесі көзге түсті. Оның бортында 90 әскери ұшақ, 5700-ге жуық жауынгер, зымырандар мен өзге де шабуылдаушы және қорғаушы арсенал түрлері бар. Сонымен қатар, Пентагон Таяу Шығысқа «Джеральд Форд» ұшақ тасығышын да жөнелтті.
Айта кетсек, бүгін Женевада АҚШ-Иран келіссөздері өтуі
керек. Вашингтон Тегераннан уран өңдеуден бас тартуды талап етіп отыр. Қарсы жақ
болса, өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп
келеді.
Жағдай шиеленіскен шақта Иранның революциялық сақшылар корпусы Ормұз бұғазында әскери жаттығу өткізді. Елге шабуыл жасалса, Тегеран әлем мұнайының бестен бірі өтетін бұл су жолын жауып, дүниежүзілік нарықта «қара алтын» құнын шарықтатып жіберуі ғажап емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы