Әлем жаңалықтарына шолу
Ертең Женевада АҚШ-Иран келіссөздері өтеді. Ол сәтсіз аяқталған жағдайда басталуы мүмкін әскери қақтығысқа дайындық ретінде Құрама Штаттар Таяу шығысқа тағы бір соғыс кемесін жөнелтті. Оның бортында да мыңдаған жауынгер мен ұшақтар, зымырандар мен өзге де отты қару бар.
Израиль армиясы «Хамас» атысты тоқтату туралы келісімді бұзды деген себеппен Газа секторына соққы берді. Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, кемінде 11 адам қаза тапқан.
Украинаның бұрынғы энергетика министрі елден кетіп бара жатып, пойызда тұтқындалды. Былтыр отставкаға жіберілген Герман Галущенко – қарашада айында 100 миллион долларды жымқырған күмәнді схемаға қатысқан үкімет шенеуніктерінің бірі болуы мүмкін.
Англияның Глостершир графтыгында жауын құйып, Северн өзені арнасынан тасып жатыр. Топан су жайлаған ауданда велосипедпен, автомобильмен жолға шығуға, тіпті жаяу жүруге тыйым салынып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы