Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық форум өтті
Ақмола облысының курортты Бурабай жерінде мал өсірушілердің «Dala.Camp Forum-2026» халықаралық форумы өтті. Оған 11 елден 250 делегат қатысып, етті мал шаруашылығын дамытудың мәселелерін талқылады.
Форумда сондай-ақ экономиканың қаржылық моделін құру, шығындарды басқару, қаржы тарту мәселелері қозғалды. Бұл бағытта шетелдік эксперттер мен еліміздің ірі серіктестік иелері тәжірибелерімен бөлісті. Мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, 180 млн гектар жайылымдық жері бар еліміз үшін мал шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан алдағы уақытта шаруалардың имиджін көтеріп, кадр мәселесін шешу керек, - дейді.
Жәнібек Кенжебаев, «Turan» қазақстандық мал өсірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы:
Біздің жобамыз «Dala.Camp» деп аталатын осы мәселені шешуге арналған жоба. Біз өңірлерге барып, местный қожалықтарды үйретеміз. АҚШ-та 100 сиырдан 90 бұзау алса, бізде Қазақстанда 52 бұзау алады. Ал күнделікті салмақ қосу 1200-1500 грамм болса, Қазақстанда - 500.
Форумда халықаралық ветеринариялық стандарттар, инвестиция мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, мал өсіріп отырған шаруалар генетика, биоқауіпсіздік, кооперация мәселелері бойынша мықты серіктестіктердің тәжірибелерімен танысты. Ал ертең фермерлер ет индустриясын дамыту бойынша бизнес-тренингтерге қатысады.
Джонн Лонг, «Jarvis Machinery» өндірістік корпорациясының президенті:
Қазақстанның етті мал шаруашылығын дамытуда әлеуеті мол. Оған қажеттінің бәрі бар. Сондықтан мал басы қазіргіден де көп болу керек деп ойлаймын. Ол үшін үйлестіру жетпейтін сияқты. Сондықтан өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Біз 12 мың бас ангус тұқымды мал ұстаймыз. Сондықтан бұл бағытта біз теориялық кеңесші емеспіз, тәжірибесі бар сарапшымыз деуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы