Алматыда медицина қауымдастығымен кездесу өтті
Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы - білім мен ғылым, яғни адами капиталға басымдық берілген. Ата Заңда азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы, сондай-ақ тегін медициналық көмек алу құқығы бекітілген. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда өткен медицина қауымдастығы өкілдерімен кездесуде айтты. Жиынға тәжірибелі дәрігерлер, бейінді оқу орындарының басшылары, сондай-ақ отандық медицина ғалымдары қатысты. Қолданыстағы Конституция қабылданған 30 жылдан бері еліміздің денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай дамыды. Сондықтан жаңа Ата Заңда осы жағдайлар ескерілген. Медицина қауымдастығының өкілдері жаңа Конституция жобасында білім беруді дамыту және жаңа инновацияны енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл білікті кадрлар мен заманауи технологияларды қажет ететін денсаулық сақтау жүйесі үшін аса маңызды.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:
Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі. Осы тұрғыдан алғанда сіздердің ой-пікірлеріңіз бен азаматтық белсенділіктеріңіз қоғам үшін өте маңызды. Жалпыұлттық референдум тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму кезеңін айқындап, ел тарихының тың белес бастауына негіз қалайды, деп сенімдімін.
Әрбір қазақтың халқы кепілдендірілген медициналық көмекке өзінің құқы бар. Тегін медициналық көмекке оны дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және де медицина ғылымының дамуы. Медицина ғылымының дамуы ол өте өзекті, себебі медицина ғылымы дамыған сайын жаңа технологиялар, жаңа идеялар, жаңа дүниежүзіне сай осы медицинаның өсіп-өркендеуіне әсер етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы