Басты Жаңалықтар Әлемнің БАҚ назары – Қазақстанда

Әлемнің БАҚ назары – Қазақстанда

Әлемнің БАҚ назары – Қазақстанда. Түрлі шет ел басылымдары Жаңа Конституция жобасын талқылап, жарыса жазып жатыр. Мәселен, Қытайдағы әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суперпрезиденттік жүйеден кету туралы идеяны жариялағанын жазған.  Онда парламенттің ықпалы артатыны да айтылған. Бұл өзгерістер 15 наурызда референдумда дауысқа салынатыны да атап өтілген. Ал Euronews — жаңа Конституция жобасы 15 наурызда референдумға түсетінін және бұл елдің саяси жүйесін жаңартуға бағытталғанын жазған.  Anadolu Agency — Президент Тоқаев референдумды жариялағаны, жаңа Конституцияда «маңызды прогрессивтік нормалар» бар екенін хабарлады. Eurasia Review сайтында жарияланған аналитикалық мақалада Конституция реформасының мәні, 84% мәтіннің жаңартылғаны, «суперпрезиденттік» жүйеден кету, Парламенттің рөлі туралы айтылады. «Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның теңге саясаты өз қолында екендігін көрсетеді. Сондай-ақ Астана қаласының мәртебесін күшейтеді». Бұл туралы Deutsche Welle сайтында журналист Анатолий Вайскопф жазды. Автор Бас құжаттың екінші бөліміне ерекше назар аударады. Оның жазуынша, құжатта ең алдымен жалпыға ортақ адам құқықтары алдыңғы орынға шыққан. Ол мұндай басымдық қолданыстағы  Конституцияда болмағанын айтады.

Ал «Рейтер» өз мақаласында жаңа Конституция бойынша референдумның наурыздың 15-де өтетінін хабарлайды. Сонымен қатар, халықаралық агенттік бұл өзгеріс Парламент құрамын оңтайландыратынына да тоқталды.

«Евроньюс» телекомпаниясы да Қазақстандағы саяси реформаға материал арнады. Жаңа Конституция референдумда қабылданса, шілденің 1-де күшіне енуі керек деп хабарланған.

Бұл тақырыпқа қатысты ақпарат түріктің «Йени Шафак» газетінде де жарияланды. Онда айтылғандай, осы реформа нәтижесінде Қазақстан өкілеттігі күшейтілген парламенті бар президенттік республикаға айналады.

Ал қырғызстандық заңгер Таттуу Ергешбаеваның пікірінше, Қазақстанда конституциялық комиссия азаматтардың, сарапшылардың ұсыныстарын және қоғамдық талқылаулардың нәтижелерін ескере отырып, жаңа Ата заң жобасын референдумға ұсынып отыр.

Бөлісу