Соңғы шешім – халық құзырында
Сан түрлі көзқарас. Қызу пікірталас. Конституцияның жаңа жобасына қатысты ұсыныс көп болды. Нақтырақ айтсақ, арнайы комиссия атына 10 мыңнан аса өтініш келген. Соның ішінен елеп-екшелген ұсыныс-пікірлер жаңа жобаға енді. Бүгінгі онлайн марафонда сарапшылар осы жаңа Ата заңдағы өзгерістерді толық түсіндіруге тырысты. Осы талқы барысын әріптесім Ернұр Медет бастан-аяқ бақылаған еді. Ернұр бүгін қандай тақырыптар қаузалды.
Көтерілмеген мәселе қалмаған сыңайлы. Себебі мұнда барлығы қамтылуы тиіс. Конституция – теңдіктің темірқазығы. Ол – қоғамның қалай өмір сүретінін, биліктің қалай жұмыс істейтінін, азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін айқындайтын маңызды құжат. Ал осы Ата заңды жаңарту аса үлкен жауапкершілік екені, айтпаса да түсінікті. Бүгінгі 6 сағаттық онлайн-марафонның мәні де осы өзгерістерді түсіндіру болатын. Сондықтан талқылауға білікті сарапшылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері мен түрлі сала мамандары қатысты. 100 ден аса спикер бір алаңда бас қосып, ұсынылған нормаларды жан-жақты саралап, халықаралық тәжірибені ескеріп, әр баптың құқықтық салмағын түсіндірді. Конституцияның кіріспесінен бастап, мемлекеттің аумақтық тұтастығының сақталуы, миранда қағидасының енгізілуі, адвокаттардың дәрежесінің прокурорлармен теңестірілгені, отбасы мен неке туралы ұғым барлығы, түгел айтылды. Мемлекет басшысы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы қаулы шығарғаны мәлім. Енді соңғы шешім - халық құзырында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы