Референдум кестесі бекітілді
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурыз күні өтеді. Дауыс беру таңғы сағат 7 -ден, кешкі 8-ге дейін жалғасады. Үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпан мен 14 наурыз аралығында жүргізіледі. 14 наурыз – «тыныштық күні», бұл күні агитация жүргізуге тыйым салынады. Орталық референдум комиссиясы дауыс беру кестесін бекітіп, дайындық тәртібін түсіндірді. Жыл басындағы дерекке сәйкес, елімізде 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Азаматтардың референдумға қатысуы үшін олардың аты-жөні арнайы тізімге енгізілуі қажет. Егер тұрғын тізімнен табылмаса, әкімдікке өтініш беруге құқылы. 27 ақпаннан бастап әр адам өз учаскесіне барып нақтылай алады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01