Басты Жаңалықтар Депутат: Бір палаталы Парламент саяси жүйенің жаңғыруына серпін береді

Депутат: Бір палаталы Парламент саяси жүйенің жаңғыруына серпін береді

«Жаңа Конституция жобасы бойынша, бір палаталы Парламент жасақталады. Ол Құрылтай деп аталады. Заң шығарушы органда 145 мандат болып, депутаттар пропорционалды жүйемен бес жылға сайланады. Бұл жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуына ықпал етіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады»,-дейді сарапшылар. Дәл қазір онлайн-марафонда спикерлер осы тақырып төңірегінде ойларын ортаға салуда. Талқылау алаңынан Ернұр Медет ақпарат таратуға дайын. 
Иә міне марафон аяқталуға жақын. Ой алмасудың соңғы сағатында осы 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай құрылымы жайлы айтылып жатыр. Ал қазіргі қос палаталы Парламенттің өкілеттігі 1 шілдеде тоқтауы мүмкін. Жаңа құжаттың 95-бабына сәйкес, Конституция күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде Президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс. Одан кейін сайлау екі ай ішінде өткізіледі.

Бөлісу