10 мыңнан астам азаматтың өтініші ескерілді
Сонымен, 15-наурызда референдум өтеді. Жаңа Конституция жобасы 12-ші ақпан күні БАҚ-та жарияланды.
Халықпен кері байланыс орнату үшін Жалпыұлттық коалиция құрылды. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен 300-ден астам қоғамдық ұйым өкілдері енді.
Айта кету керек, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы былтыр жұмысын бастады. Ал Қызылордада өткен құрылтайда өзгерістер ауқымы одан да кең болатыны белгілі болды.
Ізін ала әртүрлі саланың өкілі кірген 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Олар 12 отырыс өткізді. Қоғам белсенділері мен сарапшылардан 10 мыңнан астам ұсыныс түсті.
Жаңа құжат жобасы 11 бөлім, 96 баптан тұрады. Мәтіні тұңғыш рет мемлекеттік тілде қайта жазылған Конституцияның 30-ға жуық бабы адам құқықтары мен бостандықтарына арналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы