Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасында преамбула толық жаңарады

Жаңа Конституция жобасында преамбула толық жаңарады

Жаңа Конституция жобасында преамбула толық жаңарады. Онда мемлекеттің тарихынан бастап, бүгінгі таңдағы негізге алатын басты бағдарлар айқын жазылған. Қазір осы кіріспе мәтіннің құрылымы онлайн-марафонда талданып, тарқатылып жатыр. 

Ернұр Медет, тілші:

Иә, Конституция, әдетте, бірден баптардан басталмайтыны белгілі. Ол елдің мақсат-мұратын айқындайтын кесек ой-тұжырымнан бастау алады. Оны преамбула дейміз. Мемлекеттің өзі туралы айтқан алғашқы сөзі. Елдің негізгі ұстанымы, қоғамның қай бағытқа бет алғанын баяндайтын саяси-философиялық мәлімдеме. Жаңа Ата заң жобасында осы кіріспе мәтін тұтас өзгерді. 1995 жылғы басты құжаттың преамбуласында «байырғы қазақ жері» деген сөз бар, бірақ тарихтың терең тамыры толық ашылмаған. Ал жаңа жобада «Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтау» деген сөздер тарихи контексті тереңдете түспек. Жаңа толқынға шыққан спикерлер де осы дүниеге тоқталды. Сондай-ақ, жобада білім мен мәдениет, ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекетті алға сүйрейтін бұл салалар басты стратегиялық бағыт ретінде бекітіледі деген сөз. Мұндай ұлы мұрат – зияткер ұлт қалыптасуына, жаңа идеялар мен инновациялардың пайда болуына тікелей әсер ететіні даусыз.


Бөлісу