Жаңа Ата заңның мәтіні мен мәні сарапталып жатыр
Жаңа Конституцияның жобасы 12-ші ақпан күні халық танысу үшін БАҚ беттерінде жарияланды. Президент 15-наурыз күні республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Қазір спикерлер Ата заң жобасының мәні мен мәтінін сараптап жатыр.
Дәл қазір мұнда қызу дискуссия жүріп жатыр. Сарапшылар Конституцияға енген жаңа нормаларды талқылауда. Олардың арасында азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау, меншіктік құқықтардың барлық түрін заңмен бекіту сынды нормалар бар. Сарапшылармен сұхбаттасудың орайы тумады. Дегенмен, алдағы шығарылымдарда спикерлерден интервью аламыз деген үміттеміз.
Жаңа құжат жобасы 11 бөлім, 96 баптан тұрады. Соның 30-ға жуық бабы адам құқықтары мен бостандықтарына арналған. Сонымен қатар, негізгі мызғымас құндылықтарға Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығы жатады деп жазылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы