Жаңа Конституция жобасы ел дамуына серпін береді
Жаңа Конституция жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртып, халықтың мүддесін қорғауды күшейтеді. Құжатта білім мен ғылымды дамыту, инновациялық әлеуетті арттыру тетіктері қаралған. Сондай-ақ, қоғам дамуына серпін беретін бастамаларға басымдық берілген. Ел тұрғындары енгізілетін жаңа конституциялық жоба қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады деп отыр.
Жаңа Конституция жобасы әзірленіп жатыр. Хабардарсыз ба жалпы? Иә, естуім бар. Бұл жерде отбасы, яғни неке туралы тармақ. Бұл жерде әйелдердің тең құқықты болуы деген тармақ. Себебі қазіргі қоғамда бізде балалардың, әйелдердің жақсы қамтылуы жаңа Конституцияда қарастырылған. Осы тармақтың, норманың енгізілуі болашақта біздің ұрпақтың отбасы құндылықтарын жоғары болуына әсер етеді деп ойлаймын.
Жалпы біраз норма өзгерістерге енгізіліп жатыр. Соның ішінде мен ғылым-білім саласындағы өзгерістерді айтсам болады. Осы интеллектуалды бағыт дамитын болса, ғылым-білім міндетті түрде артатын болады.
Депутаттардың саны қысқарып жатыр. Бір палатаға біріктіруі Үкіметтің жұмыс істеу сапасын арттырады. Одан кейін құрылтай болып аталуы — құнды нәрсе. Себебі ұлттық идеологияның қалыптасуына негізгі ықпал етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы