Басты Жаңалықтар 100-ге жуық спикер жаңа Ата заң жобасын талқылап жатыр

100-ге жуық спикер жаңа Ата заң жобасын талқылап жатыр

Ата заң жобасы талқыланып жатқан онлайн-марафон алаңынан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тікелей байланысқа шыққалы тұр. Нұрсұлтан, дәл қазір спикерлер Конституцияның қай баптарын талқылап жатыр?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Иә, бүгін «Қазмедиа орталығы» нағыз дискуссия алаңына айналды десек те болады. Қазір мұнда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, қоғам өкілдері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер жаңа Ата заңдағы өзгерістердің мәнін талқылап жатыр. Еске саламыз, былтыр Парламенттік реформа өтіп, жұмыс тобы құрылды. Біршама отырыстар, талқылау, талдаулар өтті. Ал Қызылордада өткен құрылтайда өзгерістер ауқымы одан да кең болатыны белгілі болды. Ізін ала әртүрлі саланың өкілі кірген 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия 12 отырыс өткізді. Отырыстар тікелей эфирде көрсетілді. Комиссия мүшелері қоғам белсенділері мен сарапшылардан түскен 10 мыңнан астам ұсынысты зерделеді, ескерілді. Маңызды құжаттың мәтіні тұңғыш рет мемлекеттік тілде қайта жазылды. Сарапшылардың сөзінше, Жаңа Конституция адамды басты орынға қоятын, ұлттық дәстүр мен заманауи дәстүрді үйлестіретін құжат.

Бөлісу