Президент Михаил Шайдоровты қысқы олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады
Арнайы шығарылымды ақжолтай жаңалықтан бастамақпыз! Отандасымыз Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында чемпион атанды.
Еркін бағдарламада өте жақсы өнер көрсетіп, көк туымызды биікке көтерген атлетті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы