Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Бүгін Германияда Мюнхен қауіпсіздік конференциясы ашылады. Жексенбіде аяқталатын жиынға 70 шақты мемлекет басшысы мен 140-тан астам министр қатысып, трансатлантикалық шиеленісті, дәлірек айтсақ, АҚШ пен Еуропа арасына түскен жікті талқылайды.

Америка Құрама Штаттары Иранмен қатынас ушығып тұрған шақта Таяу шығысқа екінші әскери ұшақ тасығышын аттандырып жатыр. «Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, «Джеральд Форд» бұл аймаққа Кариб теңізінен барады.

Жапонияның теңіз сақшылары елдің экономикалық аймағында Қытайдың балықшылар қайығы мен оның капитанын тұтқындады. Бұл оқиға Азияның екі экономикалық алыбы арасында дипломатиялық жанжал күшейген шақта болып отыр.

Аргентина парламентінің төменгі палатасы қылмыстық жауапқа тарту жасын 16-дан 14-ке дейін төмендету туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатты  149 депутаттың 100-і қолдаған.

Бөлісу