Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар спорттың 3 түрінен бақ сынайды
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні басталып кетті. Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың 3 түрінен бақ сынайды. Бас-аяғы 6 отандасымыз жүлдеге таласады. Бірер минут бұрын шаңғы жарысының еркін стильде өткен бәскесі аяқталды. Нәтижесін Миланнан тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Бейбітұлынан білсек.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Жаңа ғана шаңшыларымыз 10 шақырым қашықтықтағы жарысты аяқтады. Бұл сайысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан сапынан 3 жігіт жарыс жолына шыққан еді. Енді шаңшыларымыз 10 шақырымдық сприттен бақ сынайды. Әсет Дүйсенов пен Владислав Киреевке үміт артамыз. Ең болмаса үздік отыздықтың қатарынан көрінсе дейміз. Спорт сарапшылары осындай көрсеткіштің өзін үлкен жетістік деп бағалады.Ал кешке Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламада 5-орын алған еді. Бұл жолы жүлде үшін барын салмақ. Тіпті алдын ала жоспарланған техникалық элеменеттерін өзгертіп, қосымша күрделі секіру қосыпты. Оның өнері жергілікті халыққа ұнары сөзсіз. Өйткені италиялық компазиятлорлардың әуенінде мұз айдынына шығады. Ендеше Мишаға бірге жанкүйер болайық Сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12