Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан» экомәдениетті қалыптастырып келеді

«Таза Қазақстан» экомәдениетті қалыптастырып келеді

«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізді. Жалпы, осы тазалық шарасы басталғаннан бері тек Шығыс Қазақстан облысында акцияға 500 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде 600 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Эко белсенділер әуелі ауыл-аймақтың маңындағы талай жылдан бері тау болып үйліп жатқан полигондарды реттеді. Бұл жұмыстардың денін волонтерлық ұйым өкілдері мен студенттер атқарды. Бүгін Өскемендегі жастар ресурстық орталығының белсенділері қаладағы колледж студенттеріне арнайы семинар өткізді. Оларға арнайы тазалық акциясының мақсатын түсіндіріп, алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Дина Тоқбаева, колледж студенті:

Орталықты ұстау - бүкіл жерде дәріптейді деп санаймын. Мектептен бастап, тіпті балабақшада барлық жерде үйретеді деп ойлаймын. Және де бұл менің ойымша дұрыс. Өйткені әр адам өзінің ортасы мәңгілік болуы үшін оны таза сақтуы керек және де оның салдарын түсінуі қажет деп санаймын.

Ал Қостанай облысында «Таза Қазақстан» акциясына атсалысып, белсене  қатысып жүрген жастардың қатары артып келеді. Былтыр түрлі экологиялық шараның арқасында 5000-ға жуық ерікті қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Нәтижесінде 5 тоннаға жуық қағаз қоқыс, 600-ден астам батарея мен 300 кг жуық пластик бөтелкелердің қақпағы қайта өңдеуге тапсырылды.


Бөлісу