Олимпиада: Қазақстандық 6 спортшы жүлдеге таласады
Италиядағы Ақ ойындардың бүгінгі жарыс күнінде қазақстандық атлеттер спорттың 3 түрінен бақ сынайды. Олар: шаңғы, биатлон және мәнерлеп сырғанау жарысы. Спорттық сайыстарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сағат 15:35-те шаңғышылар еркін стиль бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы 10 шақырымдық жарысқа үш отандасымыз қатысады. 17:50-да биатлоннан ерлер спринт бәсекесінде өнер көрсетеді. Ал, 22:55-те мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасы, яғни финалы болады. Миланның мұз айдынында Қазақстан намысын Михаил Шайдоров қорғайды. Қысқа бағдарламада ол 5-ші орын алған еді. Енді шешуші сында медаль жеңіп алу үшін жарысқа шығады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18