Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Украина әскері Запорожье мен Днепропетровск облыстарының тоғысында  контршабуылға кірісті. Мұны ресейлік телеграм-каналдар Мәскеу күштерінің Илон Масктің «Старлинк» терминалынан айрылуымен және қолайсыз ауа райымен байланыстырып отыр.

Ресей үкіметі WhatsApp-ты бұғаттауға бұйрық берді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, мұндай шешім Meta компаниясы Ресей заңдарын орындауды қаламағандықтан қабылданып отыр.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қызының саясаттағы позициясын күшейтіп, оны өз орнына қалдыруға әзірлеп жатыр. Мұны бүгін Оңтүстік Корея парламентінің  депутаттары ұлттық барлау агенттігінің деректеріне сүйеніп мәлімдеді.

Бүгін Германияның «Люфтганза» әуе компаниясының пилоттары мен бортсеріктері 24-сағаттық ереуіл жариялады. Тасымалдаушы мен кәсіподақ арасындағы зейнетақы мәселесіне қатысты даудан 70 мыңдай жолаушы зардап шеккен.

Афиныда 1896 жылы өткен Олимпиада медалі наурыздың 1-де Данияда аукционға қойылады. Болжамдарға қарағанда, күміс жүлде шамамен 31-47 мың доллар аралығындағы бағаға сатылуы мүмкін.

Бөлісу