Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі Палата отырысында осылай деп пікір білдірді. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумды қолдайтындарын жеткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды оқиға. Жаңа Конституция жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз. Сол арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасуда. Алдағы уақытта Сенат депутаттары жаңа Ата Заңымыз туралы референдумды ілгерілету жұмыстарына бір кісідей атсалысады. Осы ретте Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі қаланатын жауапты кезеңде барша қазақстандық өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға белсенді қатысады деп сенеміз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11