Басты Жаңалықтар Павлодарда жалғызілік адамдарға көмек көрсетілді

Павлодарда жалғызілік адамдарға көмек көрсетілді

Павлодарда боран соғып, біраз әбігер тудырған еді. Сондықтан «Amanat» партиясының Павлодар облыстық филиалы әр апта сайын жоспарланған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қарт адамдар мен жалғызілікті жандардың аулаларын тазалауға арнады. Бүгін партия мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қар тазалауға шықты. Алдын-ала көмекке мұқтаж адамдардың тізімі анықталды. Жұмыс жүргізілетін учаскелердің картасы жасалып, оған жауапты партиялықтардың жұмыс кестесі тізілді. Іс-шара тек қар тазалаумен шектелген жоқ. Раиса Кернеева апайдың үйінің іші де жинақталып қалды. 35 жыл металлург болған зайыбы былтыр қайтыс болған. Сондықтан жалғызбасты қария үшін шаруаға қарау оңай емес. Партия өкілдері бұл үйді енді үнемі қамқорлыққа алмақ.

Мерғали Жүсіп, «Amanat» партиясы облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

«Таза Қазақстан» –  Президентіміз айтып өткендей, тек тазалық жұмыстары емес, ол жаңағы сананың тазалығы. Сондықтан біз бүгін жастарға өнеге көрсетіп, жастарды осындай жұмыстарға шақырамыз.


Бөлісу