Павлодарда тұрмыстық қалдықты өңдейтін зауыт салына бастады
Павлодарда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Қаржы «Жасыл даму» бағдарламасы арқылы утилизациялық алым есебінен алынған. Мәселен, кәсіпорынды салу үшін кәсіпкер 4 млрд 700 млн теңге салады. Соның 2 млрд 700 млн теңгесі Өндірісті дамыту қоры арқылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 пайыз өсіммен беріліп отыр. 2 млрд теңге жеке инвестицияның үлесі. Жобаның тиімділігі сол қоқыстан бірнеше өнім түрі дайындалады. Жылына 150 мың тонна тұрмыстық қалдық сұрыпталады. Бұл заңсыз полигондарды азайтуға үлкен сеп болмақ. Еліміз 2030 жылға дейін қалдықтардың 40 пайызын қайта өндеуді жоспарлап отыр.
Әлихан Албақов, кәсіпорынның бас директоры:
Бұл кәсіпорын «Жасыл даму» бағдарламасы және «Таза Қазақстан» акциясы аясында салынып жатыр. Біз бұл жерде шыны, пластиктен басқа қайта өндеуге жарамды қалдықтарды тегіс сұрыптап, кәдеге жаратамыз. Бүгінде Павлодар қаласы жылына 110-120 мың тонна қалдықты сыртқа шығарады. Біздің зауытымыз жылына 150 мың тоннаны қайта өңдеуден өткізуге қауқарлы. Қала өсіп келе жатқандықтан экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге дайынбыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19