Қысқы Олимпиада: М.Шайдоров қысқа бағдарламада 5 орынға шықты
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды. Бұл күні 9 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандық спортшыларға келсек, фристайл могулдан Павел Калмаков 9-шы орын алды. Ал, мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров мұз айдынына 26-шы болып шығып, өз бағдарламасын сенімді орындап, бесінші орынға тұрақтады. Төртінші күннің нәтижесі бойынша жүлде саны жағынан жалпы есепте Норвегия көш бастап тұр, Германия екінші, Швеция үшінші орында.
Михаил Шайдоров, спортшы:
Мен мұзға шыққанда Қазақстанның туы өте көп екенін көрдім. Отандастарымның қолдауы керемет болды. Олимпиада ойындары бұл әлем чемпионаты емес, мен мұны сезіндім. Соңына дейін тырысып, жақсы өнер көрсеттім. Енді еркін айналымда бар күшімді саламын.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18