Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды. Бүгінгі комиссия отырысында Алматы облысы мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев осындай бастама көтерді. «Құжат жобасы жеткілікті пысықталғандықтан оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болады деп есептеймін», - деді Қуат Байғожаев. Мәслихат төрағасы цифрлық ортаны индустриялық реттеу, жекелеген өңірлердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін маңызды деп есептейді.
Қуат Байғожаев, Алматы облысы мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі:
Алматы облысы - халқы тығыз қоныстанған, цифрлық сервистер қызметі белсенді іске қосылған, серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Сондықтан ұлттық экономиканың өсу драйверіне айналуы тиіс «Технологиялық Алатау Сити» жобасының дәл біздің өңірде қолға алынып жатыр. Бұл ретте жаңа Конституция жобасында көзделген цифрлық ортаны индустриялық реттеу, сондай-ақ жекелеген өңірлердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша мәнге ие.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09