Басты Жаңалықтар Ақ Олимпиада: 4-күні спортшыларымыз нәтиже көрсете алмауда

Ақ Олимпиада: 4-күні спортшыларымыз нәтиже көрсете алмауда

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні басталды. Бүгін спортшыларымыз шаңғы жарысы, шорт-трек, фристайл-могул, биатлон және мәнерлеп сырғанау бойынша өнер көрсетеді. Миланда жүрген әріптесім Азамат Бейбітұлы тікеле байланысқа шыққалы тұр. Азамат жарыстар қалай өтіп жатыр?

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы классикалық спринтер бойынша іріктеу сайысы аяқталды. Өкінішке қарай қыздарымыз үздік 30-қа кіре алмады. Дәл осы жарыстың ерлер арасындағы нәтиже де көңіл көншітпейді. Жігіттер жетпіс пен сексен арасындағы орындарды алды. Ал үздік отыздыққа енгендер ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ шорт-тректен сайыстар басталды. 500 метрде бақ сынаған, алғаш болып жарысты бастаған Ольга Тихонова іріктеуден өте алмады. Өз тобында соңғы болып келді. Яна Хан да өкінішке қарай осы қашықтықтағы сайысты аяқтады. Ол Бірінші айналымда аяғы тайып құлап, көш соңында қалып қойды. Ал ту ұстап шыққан Денист Никишаның бұл үшінші Олимпиадасы болғанымен, Ақ ойындарда 1000 метрде бірінші рет бақ сынады. Ол іріктеуде мәре сызығын үшінші болып кесті. Өкінішке қарай, ол да осы қашықтағы жарысты аяқтады. Артынша аралас командалық бәсеке өтті. Ұлттық құрама өз тобында төртінші болып, жартылай финалға өте алмады. Сондай-ақ фристайлдың могул түрінен ерлер арасында бірінші іріктеу сайысы өтті. Отандасымыз Павел Калмоков, 9-орымен үздік ондыққа кіріп тікелей супер финалға жолдама алды. Бұл дегеніміз Павел жүлдеге таласады деген сөз.

- Түсінікті Азамат енді алда қандай жарыстар бар?


Алда биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдағы жекелей жарыс, фристайлдың могул түрінінен әйелдер арасында іріктеудің бірінші кезеңі өтеді. Сондай-ақ түнгі 22:10-да еліміздің үздік мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Еліміздің үміті жақсы сырғанап шығатынына сенеміз және жанкүйер боламыз.


Бөлісу